2025 жылғы 18 сәуірде «La France mystérieuse» – «Жұмбақ Франция» халықаралық фестивалі өтті.
Биыл халықаралық фестиваль 15 рет өткізілді. Оған Қазақстан мен Ресей оқушылары қатысты.
Фестивальдің мақсаты - француз тілін, Францияның мәдениеті мен дәстүрлерін кеңейтуге, шығармашылық әлеуетті дамытуға, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру.
Фестивальді ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы; «Еуропазия» халықаралық білім беру ұйымы (Франция); Шымкент қаласының Француз Альянсы; ашық ғылым орталығы; Экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылымдарының Халықаралық академиясы (Ресей, Санкт-Петербург қ.); «Франция-Қазақстан» халықаралық білім беру қауымдастығы; Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-зерттеу Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту әдістемелік орталығы; Математикалық психология саласындағы жоғары зерттеулер университеті (Франция); ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» (Өскемен қ.); Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия (Шымкент қ.).
Фестиваль қатысушылары мен қонақтарына Абышева Гүлжан Мертайқызы – Шығыс Қазақстан аймақтық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік «Örken» орталығы директорының орынбасары және Ален Герин -Франциядан ғалым және волонтер құттықтау сөз сөйледі.
Фестиваль ZOOM интернет-платформасында онлайн форматта өткізілді. Фестиваль номинациялары: аспаздық байқау (француз тағамдарын дайындау), музыкалық байқау (француз тілінде ән айту), би байқауы, сахна өнері, АРТ-ЖИПТО, француз тілінде өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Шығыс Қазақстан облысының атынан келесі оқу орындарының оқушылары қатысты: ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ; Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ, «№10 мектеп-гимназиясы» КММ, «№34 мектеп-лицейі» КММ.
Фестивальге қатысу нәтижелері кейінірек жарияланады.