Бүгін «Суды үнемде – болашақты сақта» атты республикалық ауқымды жоба аясында облыстың барлық мектептерінде суды ұтымды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1-9 сыныптар арасында ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы Өскемен қаласының №46 мектебінде 9-11 сыныптардың 348 оқушысы қатысуымен ашық эко-сабақ өткізіп, оқушыларға су ресурстарына ұқыпты қарау маңыздылығы туралы әңгімеледі. Іс-шара бағдарламасы суды үнемдеу жолдарын талқылаумен қатар, тәжірибелік көрсетілімдерді:
* жоғары сынып оқушылары ластанған суды тазарту әдістерін көрсетті;
* өсімдіктерді үнемді суаруға арналған тамшылатып суару жүйелерін таныстырды;
* әлеуметтік желілер арқылы эко-үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді;
* су ресурстарын тиімді пайдалану туралы тақырыптық плакаттар жасауды қамтыды.
Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылуда.
Осындай сабақтар барлық облыс мектептерінде өтіп, 86437 оқушыны қамтыды.
#СудыҮнемде #БолашақтыСақта хэштегтерімен әлеуметтік желіде жарияланды.