ШҚО білім басқармасы 2025 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ. Б. Бейсембаев және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н. А. Сақтағановтың қатысуымен академик Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 80 жылдық мерейтойына арналған «Қанипа Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Іс-шараға шетелдік, отандық жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, республикамыздың әрбір өңірінен білім беру орталықтарының қызметкерлері, облыстық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Шара аясында конференция қонақтары Қ.Бітібаеваның атаулы зертхана филиалдарының көрме таныстырылымын, ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған композициялық қойылымды тамашалады, ұстаз шәкірті Шүиіншәли Абай Серікұлы «Тау тұлғалы тау қызы» естеліктер жинағының тұсаукесер рәсімін өткізді.
Конференция жұмысына шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері Түркия Республикасының Измир қаласы Эгей университетінің профессоры, Pһ докторы
Е. Метин, Қазан федералды университетінің профессоры, филология фәннере докторы Ф. С. Сәйфуллина., Ә. Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы У. Жоракулов онлайн форматында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияның пленарлық бөлімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері Ф. Ш. Оразбаева, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Қапантайқызы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры А. М. Картаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қ. К Жакенованың баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның практикалық бөлімдері «Қ.Бітібаева және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері», «Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы және мұғалімнің кәсіби шеберлігі», «Қ. Бітібаеваның педагогикалық мұрасы және ұлттық құндылықтар», «Қ. Бітібаеваның озық тәжірибесі: жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс» тақырыптық алаңдарымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша КДИ базасында жалғасты.
Шара аясында пленарлык бөлім спикерлері С. Аманжолов атындағы
ШҚУ-нің профессоры, филология ғылымдарының докторы М. А. Картаева, Л.Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Ш. Қапантайқызы, Абай облысы Семей қаласы «Ы. Алтынсарин атындағы №37 мектеп гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. К. Жакеновалар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Абай, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан облысынан 17 атаулы зертхана филиалдарының жетекшілері және ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері А. Ж. Билялова ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Конференцияға барлығы 500 педагог қатысты.