
2025 жылдың 17 сәуірінде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен филиалының аға менеджері Бурунбетова Қарлығаш Кабдрахмановнамен бірлесіп, облыс мектептерінің физика, химия, биология және география мұғалімдеріне арналған «PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту тапсырмалары» тақырыбында интерактивті вебинар өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, халықаралық зерттеулер туралы ақпарат беру және жаратылыстану сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалардың мысалдарын талдау.
Вебинар барысында келесі материалдар талданды:
оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалайтын халықаралық зерттеу;
жаратылыстану сауаттылығының аспектілері;
қоршаған орта туралы ғылым саласындағы құзыреттер;
жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалардың мысалдары;
сандық әлемде оқыту.