
2025 жылдың 16 сәуірінде ҚР Оқу –ағарту министрілігінің Орта білім беру комитетінің ұйымдастыруымен республика көлемінде ҚР Оқу–ағарту министрі Ғ. Бейсембаев педагог-шеберлермен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысынан 49 педагог-шеберлері және ШҚО білім басқарма басшысы И.А. Чернышёва қатысты.
ШҚО педагогтары атынан Марқакөл ауданы білім бөлімінің «Қалжыр орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Шығыс Қазақстан облысының еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісінің иегері Лайла Кәкенқызы Жумукенова сөз сөйледі. Лайла Кәкенқызы өзінің педагогикалық қызметінде Канипа Бітібаеваның әдістемесін басшылыққа алып, оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін бар күшін салатынын айтып өтті.
Кездесу барысында ҚР Білім министрі Г. Бейсембаев педагогтерғе балаларды оқытудағы зор еңбегі үшін алғыс айтып, олардың ең жақсы тәжірибесі республика ауқымында таратылуы тиіс екенін атап өтті.