
2025 жылдың 14 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК облыстық «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекесін өткізді. Іс-шараға облыс колледждері қатысты.
Мерекемен құттықтаған ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Г. Искакова биыл Наурыз мерекесі барлық оқу орындарында іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.
«Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекесі аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Әз- Наурыз» шеруіне - «Қыдыр ата», құсбегі бүкітімен, құмай тазы, ұлттық киім киген қыз жігіттер қатысты;
- Мерекелік концерт;
- «Беташар», «Тұсау кесер» - салт- дәстүрлері;
- «Шебер қолдар» көрмесі;
- «Наурыз-жыл басы» Қазақстан халықтары ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі;
- Ұлттық ойындар: асық ату, тоғызқұмалақ;
- Спорттық жарыстар: армрестлинг, арқан тарту
Түрлі-түсті безендірілген киіз үйлерде мереке қонақтарына бауырсақ, Наурыз – көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.
Жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.