ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 11 сәуірінде Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №45 орта бейіндік мектебі базасында «Бастауыш сыныпта құндылыққа бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдеріне құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерін таныстыру, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және оны оқу процесіне тиімді енгізу жолдарын көрсету.
Семинарда №45 орта бейіндік мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілдерінің жүзеге асыру жолдарын көрсетіп, іс -тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға облыстағы білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.