
Оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Өскемен қаласының С. Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа қалалар мен аудандардың 12 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар арасында:
І орын – «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ, Самар ауданы;
ІІ орын – «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;
ІІІ орын – «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
Қыздар арасында:
І орын – «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ, Самар ауданы;
ІІ орын – «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы;
ІІІ орын – «№ 34 мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!