Авторлық бағдарламалармен жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар

Авторлық бағдарламалармен жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар

2025 жылдың 10 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Шығыс Қазақстан облысының оқу-әдістемелік орталығы бекіткен авторлық бағдарламалармен жұмыс тәжірибесін тарату бойынша облыстық вебинар өтті. Вебинар мақсаты: оқу үдерісіндегі авторлық әдістемелік басылымдарын колданудағы педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Вебинарда Маркакөл ауданының, Алтай, Шемонаиха, Өскемен қалаларының 83 педагогтері қатысты.

Вебинарға қатысушылар өздерінің бағдарламаларының ерекшеліктерін ашып, оқу үдерісінде пайдалану тәжірибесін көрсетті.

Қорытындысында, қатысушылар шараны ұйымдастыру мен өткізуге жоғары баға берді.  Мұғалімдерге оқу үдерісінде авторлық бағдарламаларды қолдану бойынша ұсыныстар берілді.