
Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі - кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 10 сәуір – 06 мамыр аралығында облыс аумағында республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу.
Жедел профилактикалық іс-шара кезінде түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарда, компьютерлік клубтарда және көшелерде ата-анасыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ полиция органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандарды, қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылдауға бағытталған рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.