«Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобасы

«Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және олардың беделін арттыру мемлекет тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететінін үнемі атап өтуде.

2025 жылдың 03-04 сәуір күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі Қазақстанда алғаш рет «Оқу & математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық мега жобасын ұйымдастырды. Бұл жобада республика бойынша таңдалған 100 қазақ тілі мен әдебиеті және 100 математика пәнінің мұғалімі өзара бақ сынасты. Шығыс Қазақстан облысынан 5 қазақ тілі мен әдебиеті, 5 математика пәні мұғалімі қатысты.

Сайыс екі кезеңнен тұрды: алғашқысы – жұптық, екіншісі – командалық. Жұптық сайыс нәтижелері бойынша Самар ауданының «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ математика пәні мұғалімі Ильясов Акниет Дарханович пен «Амангелді орта мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бибосинова Гаухар Толеугалиевна, сондай-ақ Ұлан ауданының «Р.Мәрсеков атындағы орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Қасымжанова Айдана Болатбекқызы мен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тулебаева Зарина Муратовна ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Сайыс мұғалімдердің әлеуетін арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және дәл есептеуді меңгеруге бағытталған, сондай-ақ алғаш рет елімізде үлкен аренада жарыс формасында өткізілді.