Шемонаихада «Комфортты мектеп» ашылды!

Шемонаихада «Комфортты мектеп» ашылды!

Бүгін, 2 сәуір күні, Шемонаиха қаласындағы Шәкәрім атындағы №4 орта мектепте 300 орындық Комфортты мектептің ресми ашылуы өтті. Бұл – өңірдегі білім беруді дамытудағы маңызды қадам!

Іс-шара барысында заманауи білім беру кеңістіктері таныстырылды:
🔹 STEM-кабинеті (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қолдауымен)
🔹 “Bіlіm aqparat” кәсіптік бағдарлау орталығы
🔹 “Dana bala” инклюзия кабинеті (С. Аманжолов атындағы ШҚУ қолдауымен)

Ашылу салтанатына ШҚО әкімі Н. Сақтағанов, білім басқармасының өкілдері, ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жаңа мектеп оқушыларға заманауи білім алуға, шығармашылық және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

#КомфорттыМектеп #БілімШҚО #Шемонаиха #STEM #Инклюзия #БолашақБізбен