2025 жылдың 31 наурызы күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үндестіру мақсатында тірек балабақшалардың, тірек консультациялық пункттердің және тірек мектептердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға арналған қадамдық іс-қимыл жоспарына сәйкес, мектепалды даярлық педагогтерінің шығармашылық қызметке ынтасын арттыру және кіші жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерінде сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептерді синхрондау бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында тәжірибелік семинар өткізді.
Тәжірибелік семинарда облыстық мобильді топ мүшелері (Жапарова С.С., Кожанова Б.М., Кайырбаева Г.М.) тақырып төңірегінде баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектепалды даярлық топтарының педагогтері (Нурсапарова М.К. - №1 «Балапан» бб, Өтеубекова Л.Ө. - №3 «Балбөбек» бб, Кабдешова Г.А. - №106 «Карлыгаш» бб.) кіріктіріле ұйымдастырылған іс-әрекеттерден үзінділер көрсетті.
Семинар соңында мектепалды даярлықтың өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылармен кері байланыс орнатылып, пікір алмасылып, ұсынымдар берілді.
Шараға облысымыздың 50 мектепалды даярлық пен бастауыш сынып педагогтері қатысты.