Жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтарға арналған «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы білім беруді трансформациялау: жаңа әдістер мен құралдар» облыстық семинарының өткізілуі қорытындысы

Жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтарға арналған «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы білім беруді трансформациялау: жаңа әдістер мен құралдар» облыстық семинарының өткізілуі қорытындысы

2025 жылғы 28 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ көктемгі каникулдық мектеп аясында «Жаратылыстану-математика ғылымдарындағы білім беруді трансформациялау: жаңа әдістер мен құралдар» облыстық семинар өткізді.

ШҚО ББ Өскемен қаласы білім беру бөліміне қарасты «№12 мектеп-гимназиясы» КММ  мұғалімдері төмендегі тақырыптар бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:

-Химия пәнінің мұғалімі, Самамбетова Надежда Петровна,; «Білім беру процесін дербестендіруде жасанды интеллект»;

-Биология пәнінің мұғалімі; Быкова Елена Николаевна, «Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқытудың инновациялық әдістері»;

-Информатика пәнінің мұғалімдері, Жукова Наталья Владимировна, Рыльская Ольга Семеновна, «Информатика және STEM пәндерін оқытудағы геймификация »;

-География пәнінің мұғалімі,  Байгометов Ерик Мухаметканович, физика пәнінің мұғалімі, Асетова Еркежан Асетовна, «Жаратылыстану-математика пәндерінде жобалық оқыту»;

-Математика пәнінің мұғалімдері, Худякова Александра Евгеньевна, Петруха Алла Юрьевна, «Үлкен деректер және статистика: оқытудың жаңа тәсілдері»;

-Математика пәнінің мұғалімдері, Булыжко Дарья Владимировна, Мамежанова Гульжан Болатновна «Білім беру процесінде STEM әдістерін қолдану»

-Быкова Елена Николаевна, Асетова Еркежан Асетовна, Байгометов Ерик Мухаметканович, «Панельдік пікірталас «Жаратылыстану-математика біліміндегі цифрлық технологиялар: прогресс пе, әлде классикалық әдістерді алмастыру ма?»

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті, сабақтар тақырыбы бойынша өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.

Аталған іс-шараға Самар, Алтай,, Риддер, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан ауданының және Өскемен қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 70 математика, информатика, химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері қатысты.