«Авторлық бағдарлама мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші» атты облыстық семинары аясында шеберлік сыныптары

«Авторлық бағдарлама мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші» атты облыстық семинары аясында шеберлік сыныптары

2025 жылдың 28 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ базасында «Авторлық бағдарлама мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші» атты облыстық семинар өткізді.

Аталған іс-шараға 100-ге жуық аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мемлекеттік және орыс тілдерінің пән мұғалімдері қатысты.

Өткізілген шеберлік-сыныптар:

Нуксарина Альмира Кабдуалиевна, ШҚО ББ Алтай қаласы білім бөлімінің «№ 9 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі шебер-сынып «Авторлық бағдарлама жазу мәселелері және практика» тақырыбында;

Макиенко Оксана Владимировна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ информатика мұғалімі шебер-сынып «Разработка авторской программы: создание, апробация, реализация» тақырыбында;

Саканова Жанар Муратқызы, ШҚО ББ «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек мұғалімі шебер-сынып «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен кезеңдері» тақырыбында;

Мейрбаев Мади Канатович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі шебер-сынып «Тарих пәні бойынша авторлық бағдарлама жазу жолдары» тақырыбында;

Чудиновская Мария Александровна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі шебер-сынып «Педагогический конструктор. От идеи до авторской программы» тақырыбында.

Семинардың пленарлық отырысы барысында, педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің жетекшісі Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, «Авторлық бағдарлама» жазудың талаптары мен шарттарын айтып кетті. Қатысушыларға және спикерлерге алғыс хат пен сертификаттар ұсынылды. Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.