ШҚО колледж студенттері арасында облыстық спорт лигасының жарысы басталды

ШҚО колледж студенттері арасында облыстық спорт лигасының жарысы басталды

2025 жылғы 27 наурыздан бастап колледж студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында облыстық спорт лигасының жарыстары басталды. Ұйымдастырушылар – «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ және ШҚО ТжКБ ұйымдарының директорлар кеңесі. Жарыс түрлері: волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат бойынша өткізіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!