«Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу» онлайн семинар

«Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу» онлайн семинар

2025 жылдың 28 наурызында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында онлайн форматта «Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Онлайн семинар мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Онлайн семинар барысында:

Мұратханова Ботагөз Мұратханқызы,  Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру;

Кәкеева Анархан Әйнекқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, кітапханашы «20 минуттық кітап оқыту»  марафонын өткізу арқылы оқушылардың демалыста уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру»;

Кузнецова Наталья Васильевна, Грейбер Наталья Викторовна Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің  «Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директорының ТЖ жөніндегі орынбасарлары «Көктемгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу» тақырыптары бойынша  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

#Біртұтас тәрбие»

#Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы