«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 26-27 наурызында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелермен  бөлісу.

Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен  бөлісті.

Шара барысында Өскемен қаласының, Зайсан, Үлкен-Нарын, Глубокое, Катон-қарағай аудандарының мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.