
2025 жылдың 27 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-де «Қосымша білім беру мен пәндік оқыту: интеграциялаудағы тиімді әдістер мен тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – қосымша білім беру мен пәндік оқытудың өзара ықпалдастығын арттыру, тиімді әдістер мен озық тәжірибелерді талқылау болды.
Семинарға облыс көлеміндегі білім беру мекемелері басшыларының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, әдіскерлер қатысты.
Семинардың пленарлық отырысында «Пәндерді оқытудағы интеграциялық білім беру негіздері» тақырыбында мектеп директоры Мажинова Ч.Т., «Мектептегі қосымша білім беру: оқушылардың шығармашылығы мен көшбасшылығын дамыту» тақырыбында тәрбие ісінің меңгерушісі Иманкенова Ж.М., «Білім беру мен қолданбалы өнердің сабақтастығы» тақырыбында технология пәнінің мұғалімі Мусина Г.Т қосымша білім беру бағдарламаларын пәндік оқытумен ұштастырудың тиімді әдістерімен бөлісіп, үздік авторлық бағдарламаларды ұсынды.
Практикалық шеберлік сыныптар бөліміндегі POSTER сессияларда «Өркениет» қосымша білім беру курстарының үздік жобалар таныстырылымы, сондай-ақ АРТ, шахмат курстары жетекшілерінің шебер- сыныптары көрсетілді.
Семинардың тәжірибелік секциялар отырысында жаңа технологияларды қолдану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және инновациялық оқыту әдістерін енгізу мәселелері қарастырылды.
Семинар соңында «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" КММ педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату, баспа қызметінің әдістемелік бөлімінің басшысы А.Т.Кенжебаева семинарды қорытындылап спикерлерге сертификат табыстап, тәжірибе тарату мақсатындағы семинардың құндылығын атап өтті. Кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.