2025 жылғы 27 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникулдық мектеп аясында еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер – білім сапасын арттырудың басты кепілі» тақырыбында офлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жақсарту. Пікір және тәжірибелермен алмасу арқылы директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Семинар барысында ШҚО дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі КММ, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты» КММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ және ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-лерінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.