2025 жылғы 19 наурызда Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша студенттер арасында «Golden hand» постижер бұйымдарының кәсіби шеберлігінің қашықтықтан өңіраралық конкурсы өткізілді.
Мақсаты - білім алушылардың шығармашылық қызметін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа білім беру технологияларын тарату, білім алушылардың кәсіптік шеберлігін арттыру.
Конкурсқа Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Қызылорда, Ақтау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарынан 36 студент қатысты.
Конкурс «Сәукеле сәні», «Шеберлік тәждері» номинациялары бойынша өткізілді.
Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.
Жүлдегерлердің тізімі http://ctipo.kz/kz/ сайтында орналастырылған.