Бүгінгі күні «Заң мен тәртіп» нарративін нығайту аясында Академиялық әдеп мәселерін Өскемен қаласының колледж білім алушыларына түсіндіру барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО департаменті өкілдерімен кездесу өткізілді. Превенция басқармасының аға офицері Бекбаева Гүльнур Айткурмановна, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының бас маманы Ильясова Гульмира Бейсембаевна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының заңгері Калдыбаев Досым Жексенғазыұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің комплаенс-офицері Жексембаев Қайнар Ерланұлы «АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ЕҢБЕК» тақырыбында сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы мен оны болдырмау үшін жастардың рөлі туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Академиялық әдеп — білім беру жүйесінде студенттердің және оқытушылардың әділдік, шыншылдық, және жоғары моральдық стандарттарға сай әрекет етуі. Бұл ұғым академиялық ортада білім алу, зерттеу жүргізу, ғылыми жұмыстарды жазу және оқу процесінде барлық қатысушылардың адал әрі әділ болуы маңызды екенін атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» баяндамашы жалпы білім беру пән оқытушысы Шырын Мұратқызы Солтанбекова, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбымен баяндамашы арнайы пән оқытушысы Назгуль Тоқтағанқызы Чыншаева өз ойларын ортаға салып, толық ақпаратпен бөлісе алды.
Өскемен колледждерінің білім алушылармен ашық алаңда сұрақ-жауаппен алмасып, өз ойларын тиянақтай түсті. Кездесу соңында, қатысушылар жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімдерін арттыру, құқықтық сауаттылықтарын жоғарылату, және адал еңбек ету жолында жігерлі болуға шақырды. «АДАЛ АЗАМАТ-АДАЛ ЕҢБЕК» ұстанымы тек білім алушыларға ғана емес, бүкіл қоғамға маңызды принцип болып қала береді.