⚜️ 2025 жылдың 20 наурызында сағат 11:00-де еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында республикалық #Күйкүмбірі челленджі өтті. Бұл шараға Шығыс Қазақстан облысынан 3500-ден аса оқушы қатысты. Өскемен қаласынан 120 оқушы қазақтың ұлттық күйлері «Ертұран» және «Тепенкөк» күйлерін орындады.
📚 Бұл челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениеті мен патриотизмін тәрбиелеу, еліміздің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра тартуды насихаттау. Шара алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылып, содан бері маңызды мәдени оқиғаға айналды.
Сонымен қатар оқушылар дауылпаз сияқты көне ұлттық аспаптарда танымал күйлерді орындады.