
2025 жылғы 17 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ҚР ОАМ 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа ережелері мен шарттарын түсіндіру бойынша облыс әдіскерлерімен және педагогтерімен ZOOM конференциясын өткізді.
Онлайн кездесу барысында қатысушыларға педагогтерді аттестаттау ережелеріне енгізілген негізгі толықтырулар түсіндірілді.