«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

2025 жылы 15 -16 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.

 Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және өзін-өзі дамыту, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатындағы олимпиадаға облысымыздың Өскемен, Катонқарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан аудандарының білім беру ұйымдарынан 0–5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгерлер, психологтар және педагогтер қатарынан жалпы 8 мұғалім қатысты.

Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.

Республикалық олимпиада жүлдегері мен жеңімпаздары:

  • Тарбағатай ауданы бойынша ББ «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі» КММ, ағылшын тілі мұғалімі• Берікжанқызы Ақбота
    І дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • Катонқарағай ауданы ауданы бойынша ББ «Ақсу орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Есымқанова Іңкәр Асхатқызы және Өмірзақова Аймере Баржуханқызы Күршім ауданы бойынша ББ «Маралды орта мектебі» КММ, педагог-психологі олимпиадада қол жеткен ерекше жетістіктері үшін Грамотамен марапатталды.

Республикалық педагогикалық олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!