«Музыка және көркем еңбек сабақтарында білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи платформалардағы жасанды интеллект арқылы көркем еңбек, музыка пәндерінде кіріктірілген тәсілдерді қолдану» облыстық семинар-практикумы

«Музыка және көркем еңбек сабақтарында білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи платформалардағы жасанды интеллект арқылы көркем еңбек, музыка пәндерінде кіріктірілген тәсілдерді қолдану» облыстық семинар-практикумы
 

2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы қазіргі білім беруде заманауи платформалар мен жасанды интеллектті қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 28 ақпан күні музыка және көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка және көркем еңбек сабақтарында білім беру процесін ұйымдастыруда заманауи платформалардағы жасанды интеллект арқылы көркем еңбек, музыка пәндерінде кіріктірілген тәсілдерді қолдану» облыстық семинар-практикумын өткізді.

Іс-шарада Өскемен қаласы ББ бойынша «Ахмер орта мектебі» КММ директоры А.З. Капжапаровтың бастамасымен ұжымның көркем еңбек және музыка пәні педагогтері «Оқушыларды өнерге және шығармашылыққа баулуда жасанды интеллекттің тиімділігі», «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың музыкалық дағдыларын дамыту және еңбекке баулудағы әлеуметтік жобалармен жұмыс түрлері», «Табысты мектеп: тәжірибе мен нәтиже», «Көркем еңбек, музыка сабақтарында оқушыларды жасанды интеллект арқылы ұлттық құндылықтарға дәріптеу», «Нейрожеліні қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыптарында ой қозғап, шеберлік сыныптарын өткізіп, талқылаулар жүргізді.

Мектеп оқушыларының жеңіске жеткен жобалары бойынша көрме ұйымдастырылып, жасанды интеллект мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.

Семинар-практикумның мазмұны «3 Қ әдісі» (құнды, қызықты, қиын) арқылы қорытындыланды. Қатысушылар іс-шараның өзектілігін атап өтіп, жұмыс барысында қолдануға болатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін ерекше бағалады.