«Шын жүректен кітап сыйла» Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған республикалық челленджі

«Шын жүректен кітап сыйла» Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған республикалық челленджі

2

2025 жылдың 20 ақпанында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы кітап оқуды кеңінен насихаттау, кітапқа деген сүйіспеншілікті дамыту, мейірімділік пен кеңпейілділікке тәрбиелеуге бағытталған «Шын жүректен кітап сыйла» Халықаралық кітап сыйлау күніне арналған республикалық челленджіне қатысып, ұжымдағы барлық қызметкерлер бір біріне кітаппен бірге ерекше көңіл күй сыйлады. Челлендж облыстың барлық білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 12-21 ақпан аралығында өтуде.

#челлендж# шынжүректенкітапсыйла #кітапалмасу