Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2025 жылдың 17 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы облыстың білім беру ұйымдарының жас ұстаздарының арасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Аталған педагогикалық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен облыстық білім беру ұйымдарының 0–5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгерлері, психологтары және педагогтері қатарынан 18 мұғалім қатысты.
Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игеру деңгейлерін, коммуникативтіліктерін және мамандыққа деген көзқарастарын бағалады.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Арнайы номинациялар:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Облыстық кезеңнің іріктеуінен өткен 8 қатысушы республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.
Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысушы жас педагогтерімізге сәттілік тілейміз!