12.02.2025 ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі М.Дауленов атындағы мектеп-интернатында өткізілді. Чемпионатқа 15 команда, 140 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.
Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасерекшелік бойынша:
Сызық бойымен жарыс – Табанбайұлы Мұхаммеднәби, «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Кегельринг – Шаймұрат Санжар, «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
Сумо – Русланқызы Зере, «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
3D модельдеу – Айдарқызы Айша, Сауырғали Нарын, «Көгедай орта мектебі» КММ
Бағдарламалау – Молдағали Мұхаметәли, Бақыт Елнар «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
14+ жасерекшелік бойынша:
Танк биатлоны – Мейрамбекұлы Ерзат, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
Кегельринг квадро – Азаматұлы Асылбек, «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Адымдаушы сумо – Сейтқалиев Санжар «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ
3D модельдеу – Аленов Алишер, Айдарұлы Досым, «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ
Бағдарламалау – Әлімхан Каусар, Еңілханов Арсен, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ.