«Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті технологиялары» тақырыбында республикалық кейс-конференциясы

«Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті технологиялары» тақырыбында республикалық кейс-конференциясы

2025 жылғы 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттілік орталығы» бірлескен жоба аясында университет базасында мектепке дейінгі педагогтер үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың өзекті технологиялары» тақырыбында аралас форматта (онлайн және офлайн) республикалық кейс-конференциясын өткізді.

 Іс-шараға онлайн форматта Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы және Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 386 педагогі, Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 150 басшылары мен педагогтері офлайн форматта қатысты.

Кейс-конференция барысында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының арнайы, инклюзивті білім беру және интернаттық ұйымдарының әдістемелік бөлімі, ШҚО ББ Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, Абай облысы ББ Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары мен Астана қаласының №60 «Арай» балабақша-бөбекжайының, ШҚО ББ ЕББҚ бар балаларға арналған оңалту орталығының, Өскемен қаласының «Балапан», «Страна Чудес», «Алтын дән» балабақшаларының педагогтері ЕББҚ бар балаларымен жұмыс істеу бойынша теориялық және практикалық кейстерімен бөлісті. 

Іс-шара соңында С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы зертханасына экскурсия жасалып, кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар қойылған сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.