XX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың жаратылыстану–математикалық бағыты бойынша қорытындысы

XX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың жаратылыстану–математикалық бағыты бойынша қорытындысы

2025 жылғы 27-31 қаңтары аралығында Ақмола облысы Шучье қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы XX «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсын жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша өткізді.

 Іс-шараның мақсаты - балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Байқауда еліміздің барлық өңірлерінен екі жас санатындағы (2-4 және 5-7 сыныптар) 300-ге жуық оқушы бақ сынады.

Шығыс Қазақстан облысының командасын облыстық кезеңде жеңімпаз атанған жас зерттеушілер қорғады.

Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша ШҚО командасы 9 жүлделі орынға ие болды.

І дәрежелі дипломмен:

Серік Айару – Глубокое ауданы, О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы (математика, қолданбалы математика);

Когай Даниил - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы (информатика, робототехника, STEM инженерия);

Аксенова Кира - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 4 сынып оқушысы (туризм және спорт);

Солонец Евангелина - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 4 сынып оқушысы (химия, биология);

Щетников Назар - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы (физика, космос).

III дәрежелі дипломмен:

Сериков Марат - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 4 сынып оқушысы (информатика, робототехника, STEM инженерия);

Ұланұлы Ералы - Зайсан ауданы, Жаңатұрмыс шағын жинақты негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы (туризм және спорт);

Мәукенов Олжас - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы (математика, қолданбалы математика);

Талғат Әлжан - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 2 сынып оқушысы (математика, қолданбалы математика).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналарын, жоба жетекшілерін құттықтаймыз!