
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 21 қаңтарында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директорлардың орынбасарларына «Ұлттық мирасты дәріптеудегі ата-аналар академиясының жұмысы» онлайн форматта облыстық семинар өтті.
Семинар мақсаты оқыту және тәрбиелеу процесінде ата-аналар академиясының жұмысына әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу.
Семинар барысында Шектыбаева Гульнур Советхановна «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» КММ әдіскері «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы»;
Бөкенов Бауыржан Арыстанбекұлы «Қ. Билялов атындағы мектеп- лицейі» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Әке- отбасының тірегі» әкелер мектебінің жұмысы»;
Касенова Лиза Болатовна «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп- интернат- колледжі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Жеңгелер мектебін ұйымдастыру»;
Кенжебаева Маржан Ахматовна «Абай атындағы орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Қоғам, отбасы, тұлға» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
#Біртұтас тәрбие #Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы