2024 жылы 26 желтоқсан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаевтың ауыл мектептері педагогтерімен «Ауыл мектебі – сапа алаңы» атты кездесу өтті.
Кездесуге облысымыздағы ауыл мектептерінен 7 педагог қатысты.
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы Абай атындағы орта мектебінің директоры Н.Н. Ақыбаева және Р. Марсеков атындағы орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.З. Ильясова қызметтеріндегі тәжірибелері бойынша ой бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.
Кездесу аясында ауыл мектептерінің педагогтері ҚР Оқу-ағарту министрінің дипломдары, алғыс хаттар және сертификаттарымен марапатталды:
«Іскер менеджер» диплом және «Тиімді ауыл мектебі» сертификат - Акыбаева Н. Н.; «Оқу ісінің шебер ұйымдастырушысы» номинация алғыс хат – Ильясова Қ.З.;
Қазақстан Республикасы білім беру саласына қосқан үлесі үшін Алғыс хат:
Ұстаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!