Пневматикалық винтовка атудан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мерген-2024» облыстық турнир

Пневматикалық винтовка атудан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мерген-2024» облыстық турнир

2024 жылдың 24 желтоқсанда Өскемен көпсалалы технология колледжі базасында пневматикалық винтовка атудан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мерген-2024» облыстық турнирі өтті.

Мақсаты: студенттерге патриоттық тәрбие беру және мергендік дағдыларын меңгеру деңгейлерін жетілдіру.

Турнирге облыстың 12 колледжінен 36 студент қатысты.

Турнир 3 кезеңнен тұрды: «Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру»,  «Пневматикалық винтовкадан нысанаға ату», «Дротикті нысанаға лақтыру».

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.