
2024 жылдың 13 желтоқсаны күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстың мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында «Үздік балабақша тәрбиешісі-2024» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – білім саласындағы тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттай отыра, педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін өсіру; кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін арттыру; облыс көлемінде ең үздік тәрбиешілерді анықтау.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені – ШҚО ЖШС «Алтай-Шың» бөбекжай-балабақшасынан Сымбат Айгерім;
1-орынды – ШҚО ББ «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК Томантаева Роза мен ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК Жолбекова Макпал;
2-орынды – ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Аршаты орта мектебі» КММ Садуақасова Толғанай мен ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК Рустемова Шынар;
3-орынды – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжайы» КМҚК Назаренко Ольга., ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Ласточка» бөбекжайы» КМҚК Шаткутэ Наталья мен ШҚО ББ «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК Семенова Назгуль жеңіп алды.
Байқау номинацияларына ие болғандар:
«Өнерлі тәрбиеші» - ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ Карсыбаева Асем;
«Жаңашыл тәрбиеші» - ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Пчелка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК Кирюшина Татьяна;
«Шығармашыл тәрбиеші» - ШҚО ББ «Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің балабақша-бөбекжайы» КМҚК Дементьева Полина;
«Ізденімпаз тәрбиеші» - ШҚО ББ «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Марқакөл ауылының балабақшасы» КМҚК Тюлемисова Самал.
Педагогтер ШҚО Білім басқармасының дипломдарымен, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ мадақтамаларымен марапатталды.
Жүлдегерлерді құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейміз!