Зайсан ауданы Абай атындағы мектепке 100 жыл толды

Зайсан ауданы Абай атындағы мектепке 100 жыл толды

2024 жылғы 7 желтоқсанда Зайсан ауданы Абай атындағы мектепке 100 жыл толды. Мектеп түлектерімен белсенді жұмыс істеп, жақсы дәстүрлерімен танымал. Мерейтойлық шара барысында түлектер демеушілік көмек көрсетті. Атап айтқанда, аудан меценаты әрі мектеп түлегі Сиырбаев Айзат мектепке заманауи жабдықталған биология кабинетін сыйға тартты. Мектеп ұжымын мерейтойымен құттықтап, білім беру саласындағы табыстарының жалғаса беруін тілейміз!