Оқу сауаттылығын қалыптастыру

Оқу сауаттылығын қалыптастыру

Қазіргі заманда білім беру саласының басты мақсаты – функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, оның ішінде оқу сауаттылығы ерекше орын алады. Бастауыш сыныптардағы оқу сауаттылығы – баланың жалпы оқу дағдыларын меңгеруімен қатар, мәтінді түсіну, талдау және алған білімін өмірде қолдана білу қабілеттерін дамытуды көздейді. Бұл кезең баланың когнитивті дамуының негізін қалыптастыратын маңызды уақыт болып табылады.

Мәселенің өзектілігін ескере отырып ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ, 2024 жылғы 26 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Құсайын Динара Бурабайқызы және Өскемен қаласы бойынша «Меновное орта мектебі» КММ-ның бастауыш сынып мұғалімдері Мухамадиева Арайгуль Кумаркызы мен Мұратова Гүлжайнар Болатбекқызымен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптарда білім алушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында интерактивті семинар өткізді.

Оқу сауаттылығын қалыптастырудың басты мақсаты – оқушылардың мәтінді түсініп оқу, оның мазмұнын талдау, қажетті ақпаратты табу және алған білімін өмірлік жағдайларда тиімді қолдану қабілеттерін дамыту.Міндеттері: Мәтінді түсініп оқу дағдысын қалыптастыру; мазмұнды талдау және ақпаратты өңдеу, проблемалық жағдайларды шешу дағдыларын дамыту.

Бұл мақсатқа жету үшін мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануы қажет; әр баланың жеке оқу қарқыны мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру маңыз

Оқу сауаттылығын қалыптастыру оқушыларды өмірдің әртүрлі салаларында қажетті дағдылары бар, өз пікірін дұрыс жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын, ақпаратты тиімді пайдаланатын азаматтар ретінде тәрбиелеу үшін қажет.ды; баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін жан-жақты қолдау көрсету.