Жаратылыстану сауаттылығы - бұл қабілет: жаратылыстану білімін пайдалану, проблемаларды анықтау, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және тиісті шешімдер қабылдау үшін қажетті негізделген қорытындылар жасау.
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ, 2024 жылғы 21 қараша ПШО Өскемен қ. филиалымен бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдеріне «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша тапсырмалар» тақырыбында интерактивті вебинар өткізді. Вебинарға спикер ретінде Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Үсенова Дидар Эрнстовна қатысты. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік бере отырып, ол сабақ барысында оны қалай ұйымдастыруға болатындығына тоқталды.
Вебинар мақсатының бірі болған оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететін тәсілдемелерге талдау жасалып, жаратылыстану-ғылымилық сауаттылық дағдысын дамытуға бағытталған тапсырмалар аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми білімді қолдану (контенттік білім),проблемаларды айқындау (процедуралық білім), қоршаған әлемді және ондағы адам әрекетінің салдарынан болатын өзгерістерді түсіну және тиісті шешімдер қабылдау үшін негізделген қорытынды жасаудың маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсетті.
Әр тапсырманың оқу мақсатына жетуге бағытталғандығын, оқушының пәндік білімге сүйене отырып, зерттеушілік дағдыларының қаншалықты керектігі анықталды. Рөлдік ойындар, тәжірибе жасау, бақылау, эксперименттер сынды тиімді әдіс – тәсілдермен бөлісті. Оқушылардың болжам (гипотеза) құра білу дағдысын қалыптастыратын «эксперимент кестесі» құралымен таныстырды.