
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жас мұғалімдерге педагогикалық кәсіптің табыстылығының бағдарларын ұсыну, кәсіби даму мен әл-ауқатқа ынталандыру мақсатында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық ІІІ Форумын өткізді.
Іс-шара барысында «Жетістік тарихы», «Жас педагогтің кәсіптік дамуы: оқыту және оқу», «Трансформациялық ойын» алаңдарында Өскемен қаласындағы ПШО филиалының тренерлері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері және ЖОО оқытушылары бірлесіп заманауи сабақты жоспралау, педагогтердің құндылық басымдықтары бойынша жобалық шебер сыныптар көрсетті.
ШҚО атынан республикалық форумға делегат болған жас педагогтер А.К.Алтынбекова, И.С.Демьянова, Ж.Е.Набиева, Д.Е.Сләмғалиевалар шебер сыныптарында республикалық форумда қоржындарына жинаған іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Форум қатысушыларына ШҚО ББ мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Қозыбаева Б.Ж. жас ұстаздарға технологиялар мен жаңашылдықтар үзіліссіз жетіліп жатқан заманда өз ісінің шебері, ұстаз деген атқа лайықты болу үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайлы айтты. Өмірлік жолда мотивациялық талпыныс пен бастамашылық дағдылардың қалыптасуында ізденімпаз, алғыр, жаңашыл болудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның «Жетістік тарихы» айдарында С.Аманжолов атындағы ШҚУ физика және технология кафедрасы профессоры Досым Ерболатұлы және Өскемен қаласы ББ «М.Әуезов атындағы №17 ОМ» дене шынықтыру мұғалімі, «Үздік педагог» аталымының иегері Р.Д.Исраилов өмірлік ұстанымдары мен жетістікке жетудің негізгі басымдықтарын айтты.
ПШО Өскемен қаласындағы филиалының директоры К.Б.Раисова мұғалімнің шебер болып қалыптасу жолында тәжірибе бөлісу, әдістемелік негіздің ғылыми және әралуан болуы шарт екенін өмірлік мысалдармен негіздеп түсіндірді.
Қатысушыларға сауалнама жүргізу арқылы кері байланыс жасалды, шебер сынып жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Форумға ШҚО білім беру ұйымдарынан барлығы 115 жас педагогі қатысты.