«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ BilimCenter білім беру платформасымен бірлесіп «Bilimcenter (PISA, TIMSS, PIRLS, МОДО) платформасы бойынша тренинг / ШҚО» тақырыбында Zoom өткізді. Спикерлер ретінде Bilim Center сату бөлімінің менеджері Лебаев Алмас Мұратұлы және облыстың мектептері мен білім бөлімдерінің өкілдері үшін Bilimcenter платформасына қол жеткізу бойынша техникалық қолдау менеджері Қырғызбай Назира сөз сөйледі.
BilimCenter.kz -халықаралық зерттеулер мен емтихандарға, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындалу үшін педагогтар мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған цифрлық тренажер.
Конференцияның мақсаты-білім сапасын бағалауға арналған тренажер-платформаның жаңа мүмкіндіктерімен, сындарлы ұсыныстарымен таныстыру.
Конференция барысында платформа өкілдері BilimCenter.kz онлайн аудиторияның барлық сұрақтарына жауап берді.