«Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» сабағын өткізу туралы

«Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» сабағын өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 10 қазанда сағат 11.00-де қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, қазіргі қазақ әдебиеті және Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушысы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» тақырыбында цифрлық форматта тарихи еске алу сабағын өткізді. Іс-шараға қазақ тілінде оқытатын облыс мектептерінің екі мыңнан астам 11-сынып оқушылары қатысты. 

Іс-шараның мақсаты-жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейту және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Е. М. Кусаинованың «Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»тақырыбы бойынша сабағымен танысу болды. Педагогке әдістемелік сүйемелдеуді орталықтың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әдіскері А. Ж. Билялова көрсетті.