2024 жылғы 7-9 қазан күндері Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары (қыздар) арасында футболдан «Былғары доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.
Іс-шара халықаралық FIFA ойын ережелеріне сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
1 орын – Алтай ауданы, «Чапаев орта мектебі» КММ-нің командасы;
2 орын – «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;
3 орын – Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені»
КММ-нің командасы.
Номинациялар бойынша:
«Үздік ойыншы» - Алтай ауданы, «Чапаев орта мектебі» КММ-нің 8 сынып оқушысы Журтбаева Кристина;
«Үздік қорғаушы» - Самар ауданы, Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ-нің 8 сынып оқушысы Тоқтавбаева Жансая;
«Үздік қақпашы» - «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі»
КММ-нің 8 сынып оқушысы Адилбекова Мария марапатталды.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!