
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 3-4 және 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 20 дарынды оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша бойынша I дәрежелі дипломмен облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Дружинин Алексей марапатталды.
II дәрежелі дипломмен дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 4 сынып оқушысы Дүйсен Алан марапатталды.
III дәрежелі дипломдармен:
Исабеков Тимур - облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналган мамандандырылған мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы;
Қуанбай Дарын - Глубокое ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы марапатталды.
Грамотамен марапатталғандар:
Жұмақан Бағым - Өскемен қаласы О.Бөкей атындағы №44 лицейінің 3сынып оқушысы;
Мырзағали Мирас - облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналган мамандандырылған мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы;
Ахметжанов Мадияр - облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналган мамандандырылған мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы;
Қаныбек Ислам - Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы №44 лицейінің 4сынып оқушысы;
Асанов Арафат - облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналган мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы;
Бақытжан Айтөре - Өскемен қаласы №48 мектеп-қосымша білім беру орталығының 5 сынып оқушысы;
Грислит Даниил - Алтай ауданы Алтай қаласының №11 орта мектебінің 6 сынып оқушысы.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!