Өскемен қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ашылды

Өскемен қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ашылды

Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында облыста көптен күткен 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығы ашылды. Бұл балалардың ерекше қажеттіліктерін және олардың ары қарайғы білім алу бағытын анықтайтын мекеме.
Бүгінгі күні барлық 11 мың ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тең қолжетімді білім қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталығы Асыл Мирас аутизм орталығы жұмыс жасайды. Арнайы бағдарламамен оқыту үшін 12 арнайы білім беру мекемесі (7 жалпы білім беретін, 5 мектепке дейінгі), 55 инклюзия кабинеті (3 мектепке дейінгі) қызмет етеді. Жалпы білім беретін мектептерде 1,5 мың арнайы және инклюзивті сыныптар мен топтар бар.
Тағы бір кеңес беру орталығының ашылуы тексеруде тұрған кезектілікті жоюға, сондай-ақ балалардың арнайы білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде психологиялық-педагогикалық қолдауды уақтылы алуларына мүмкіндік береді.
Анықтама: 2024 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша Өскемен қаласындағы облыстық ПМПК кезекте 750 бала тұр.