
Алғашқы рет республика көлемінде жалпы орта білім беретін мектептерде 5-8, 10 сынып білім алушыларының «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен аралық аттестаттау емтиханы өтіп жатыр.
Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес бағалау.
Шығыс Қазақстан облысының орта білім беретін мектептерінің 5-8, 10 сыныптары бойынша жалпы 42 655 оқушысы аралық аттестаттау емтиханын тапсырады.
Емтиханның екінші күні Күршім, Глубокое, Катонқарағай, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандарының 1 677 оқушы байқау емтиханын табысты тапсырды. Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша емтихан тапсырмаларын орындап, өздерінің білім деңгейлерін көрсетті.