2024 жылдың 3 мамырында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесіп 3-4 сынып оқушылары арасында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасын өткізді.
Мақсаты - оқушылардың математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру және ғылымға, жаратылыстануға баулу.
Олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өтті.
Олимпиадаға іріктеу кезеңдерінен өткен 150-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді: І орын – 10 оқушы, ІІ орын – 22 оқушы, ІІІ орын – 36 оқушы. 16 қатысушы грамотамен марапатталды.
Олимпиада қорытындысы мен жүлдегерлер тізімі www.shygysdaryn.ai.kz сайтында жарияланған.