«Тарихы терең Жошы Ұлысына 800 жыл» өңіраралық диалогтік алаң баспасөз хабарламасы

«Тарихы терең Жошы Ұлысына 800 жыл» өңіраралық диалогтік алаң баспасөз хабарламасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы атаулы және мерейтойлық күндерді мерекелеу аясында 2024 жылдың 30 сәуір күні «Тарихы терең Жошы Ұлысына 800 жыл» тақырыбында Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен өңіраралық диалогтік алаң өткізеді.

Диалогтік алаң мақсаты – ХIII-ХV ғасырлардағы Жошы ұлысы мен Алтын Орда тарихының өзекті мәселелерін талқылап, кеңінен насихаттау. Қазақ мемлекетінің  бастауында болған Жошы ұлысының 800 жылдық тарихын атап өте отырып ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Диалогтік алаңға қатысушылар: Республикалық ЖОО оқытушы профессорлық құрамы, Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан  облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері.

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қаласы Абай даңғылы 21, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы.

Өткізу формасы; оффлайн,онлайн.

Модератор –Абраимова Бахыт Касеновна, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қоғамдық гуманитарлық бағыт бөлімінің әдіскері.

Телефон 87017677658