«2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» облыстық семинарының қорытындысы

«2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» облыстық семинарының қорытындысы

2024 жылғы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбектің, ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін қадағалау бөлімінің басшысы Б. Дарымбаева, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны А. Сағидуллина, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушысы – бөлім басшысы А. Лясанский, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Д. Ғылыммедден, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу бөлімінің басшысы Ж. Даулетханов, Өскемен қаласы Полиция департаментінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны А. Төкенованың қатысуымен «2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде оқушылардың сапалы және қауіпсіз сауықтыру демалысын, бос уақыты мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Семинар барысында балалардың қауіпсіз жазғы демалысының өзекті мәселелері талқыланып, 2024 жылы балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен келешегі айқындалды.

Семинарға облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінің директорлары қатарынан 40 тыңдаушы қатысты.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының тұрақты бақылауында.