«Ясауитану» Республикалық байқауының қорытындысы

«Ясауитану» Республикалық байқауының қорытындысы

2024 жылдың 18-19 сәуір күндері Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Түркістан қаласында өткен дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауына қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының I дәрежелі мақтау қағазымен және 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен Тарбағатай ауданының «Абай атындағы орта мектебі» КММ 9-сынып оқушысы Қалимолда Жұлдыз марапатталды.

Басқа қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Жұлдызды және оның мұғалімдерін, ата-анасын жеңіспен  құттықтаймыз!