«Талант FEST» облыстық музыкалық байқауының қорытындысы

«Талант FEST» облыстық музыкалық байқауының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Талант FEST» облыстық музыкалық байқауын өткізді.

Бйқаудың мақсаты: шығармашылыққа қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау  және қолдау, білім алушылардың танымдық және әлеуметтік белсенділігін ынталандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды табысқа жетуге ынталандыру, сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру және жандандыру.

Байқауға облыстың жалпы білім беретін мекемелердің 100-ден аса оқушысы және тәрбиеленушісі қатысты.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Қазақ халық аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген»;

2) «Орыс халық аспаптары: балалайка, домра, баян, аккордеон, қалақтар,гусли»;

3)  «Ішекті аспаптар: гитара, укулеле, мандолина»;

4) «Фортепиано»:

5)  «Ішекті-садақ аспаптар: скрипка, альт, виолончель, контробас»;

6) «Үрмелі аспаптар»;

7)  «Соқпалы аспаптар».

Байқау жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды.